«Қазпошта» төрағасы Әсел Жанасова айына қанша жалақы алатынын айтты.
«Мен ашық түрде айтайын. Былтыр да айттым. 1 млн 200 мың теңге аламын. Барлық басқа ұлттық компания деңгейінде деп ойлаймын. Себебі оның жасыратыны жоқ. Сіздер бонус, сыйақыға қатысты сұрақ қойып жатасыздар. «Қазпошта» қаражат бойынша 2023 жылы ғана аздап плюске шықты. Сол себепті біздің ондай жағдайымыз жоқ. Біз бонус пен премия алмаймыз», – деді ол.
Әсел Жанасова бес жылдық жоспар барын, сол кезеңде поштаны аяққа тұрғыза алса, онда премия мен бонусты қарастыруға болатынын атап өтті.
– Қазіргі кезде мен ұяламын шыны керек. Менің өзімнің жағдайым емес, поштаның жағдайы бірінші орында. Көтеретін болсам, адлдымен ауылдағы пошташылардың, сұрыптаушылардың жалақысын көтеремін. Соларға премияны да беремін. Осы жылы екі рет премия бердік, өткен жылы үш рет премия бердік, жалақыдан басқан. Сондықтан біз әрдайым жұмыскерлерімізді қолдаймыз, – деді ол.