Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кеген ауданында ауылшаруашылығы қалай өркендеуде?

Кеген ауданында ауылшаруашылығы қалай өркендеуде?

2024 жылы  Алматы облысының Кеген ауданында 7433 га жерге дәнді дақыл,  691 га картоп, 134 га көкөніс, 15 га қырық қабат, 97 га асханалық сәбіз, 22 га асханалық қызылша, 19 753 га көп жылдық шөп, 300 га бір жылдық шөп егіліп,  2100 га жыртылған жер есебінде игерілді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Игерілген егістік алқаптарының 8736 га шаруа және фермерлік қожалықтарына тиесілі болса 553 га жеке қосалқы шаруашылықтарына тиесілі. 

Өңірде жерді игеру, ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге қажетті техника қоры да жаңаруда. Жыл басынан аудан бойынша «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 5 % лизингке 143 млн 350 мың теңгелік 14 ауыл шаруашылығы техникасы алынған. Бөлексаз, Жалағаш, Кеген, Қарқара, Шырғанақ,  Жылысай ауылының шаруалары YTO, Беларус, МТЗ, Lovol тракторларын алған.

Ауданда су үнемдеу технологиясын  іске асыру бойынша 7 округ әкімдеріне 1 000 га жерге  жоспар жасалынып берілген. Атап айтқанда Кеген ауылында 200 га, Қарқара 250 га, Қарабұлақ 150 га, Жалағаш 150 га, Тасашы 50 га,  Шырғанақ 150 га, Бөлексаз ауылында 100 га жер алдағы уақытта аталған технологиямен суғарыла бастайды. Мұны қазірдің өзінде жүзеге асырған ауылдар да бар. Жалағаш ауылдық округіндегі шаруа қожалықтың бірі «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 8,3 млн теңге несие алып 20 га егісті суландыруға  арнайы құрылғылар орнатқан.  Сонымен қатар Бөлексаз ауылдық округінде 138 га, Қарабұлақ ауылдық округінде 68 га,  барлығы 226 га егістік алқабы бүркіп суғаруға арналған құрылғымен қамтылған.

Ал жерді қайтару жұмыстары бойынша жыл басынан бері 24 субьектіден  жалпы көлемі 23 096 га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер ауданның жер қорына қайтарылған. Оның ішінде 20 697 га жайылымдық, 74 га шабындық,  2025 га егістік жері. Мұның 6215 гектарын 11 субьекті өз еркімен, 16862 га жерді 14 субьекті сот шешімі негізінде қайтарған. Қазіргі кезде 280 га жерді мемлекет қайтару үшін сотқа жолданған. Сондай-ақ облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиеселі 1913 га жер үшін салықты және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін 20 есеге жоғарылатып төлеу ұсынысы жолданған. Мұнымен қатар шілде айында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс өткізіліп  29 жеке азаматқа 300 га егістік жер учаскелері табысталған.

Айта кетейік, 2024 жылдың 9 айында ауданда ауыл шаруашылығының  жалпы өнім көлемі 17 млрд 691 млн теңгені құраған. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 2 млрд 838 млн теңге, мал шаруашылығы 14 млрд 745 млн теңгені құраған.

Қазіргі таңда ауданда 47 241  бас ірі қара, 202 302 қой-ешкі, 27 223 жылқы, 20 703 құс өсіріледі. 1520 шаруа қожалығы тіркелген. 

Ұқсас материалдар