Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кибералаяқтар 1414 атынан хабарлама жіберіп жүр

Кибералаяқтар 1414 атынан хабарлама жіберіп жүр
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев алаяқтардың 1414 қысқа нөмірінен хабарлама таратып, азаматтарды алдап жүргенін растады.

Министрдің айтуынша, бастысы – цифрлық гигиенаны сақтау:

«Еgov немесе банк қызметкерлері ешқашан SMS арқылы жіберілген кодты сұрамайды. Мұндай жағдайда адамдар сақ болуы тиіс», – деді ол.

Сонымен бірге Мәдиев киберқауіпсіздік бойынша курстар мен тренингтердің бар екенін атап өтіп, халықтың кибергигиена деңгейін арттыру қажеттігін айтты. Министрліктің мәліметінше, қауіпсіздікті күшейту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ұқсас материалдар