Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, 2026 жылы Үкімет 12 заң жобасын дайындайды.
Оның үшеуі Президент тапсырмасына сәйкес әзірленеді. Олар мемлекеттік мүлік, онлайн-платформалар мен масс-медиаға қатысты заңдарға өзгерістер енгізуді және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер қосуды көздейді.
Бұдан бөлек, мұнай-газ химиясы, табиғи апаттардан тұрғын үйді сақтандыру, жұмылдыру салаларына қатысты заң жобалары да дайындалады.
Парламентке енгізу кестесі:
-
Бірінші жартыжылдық: 5 заң жобасы
-
Екінші жартыжылдық: 7 заң жобасы
Жоспар ведомствоаралық комиссияда мақұлданған.





