Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Көкшетау қаласында ірі май өңдеу зауыты салынады

Көкшетау қаласында ірі май өңдеу зауыты салынады

Ақмола облысының орталығы Көкшетауда майлы дақылдарды өңдейтін ірі өндіріс орны салынбақ.

Жобаны Содружество Қазақстан компаниясы жүзеге асырады. Жаңа зауытта күнбағыс, рапс, соя және зығыр тұқымдары терең өңделеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 3 мың тонна шикізатты құрап, жылына шамамен 1 млн тоннаға дейін жетеді. Нәтижесінде жыл сайын 300 мың тоннаға дейін өсімдік майы және 400-500 мың тонна шрот пен жом өндіріледі.

Жобаның жалпы құны 76 млрд теңге. Құрылыс 18-36 ай аралығында аяқталады деп жоспарланған. Зауыт іске қосылған соң өңірде шамамен 400 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жоба майлы дақылдарды өңдеу көлемін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласының дамуына серпін береді.

Ұқсас материалдар