Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Көктемде жүк көліктеріне уақытша шектеу енгізіледі

Көктемде жүк көліктеріне уақытша шектеу енгізіледі

Қазақстанның бірқатар өңірінде 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер қойылады.

Бұл шара жол жабындысының қар еріп, су тасыған кезде зақымдануын болдырмау мақсатында қабылданады.

23 наурыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында жалғыз оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі. Шектеу 1 мамырға дейін күшінде болады.

Сол сияқты, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде шектеулер қазірдің өзінде енгізілген. Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында олар 1 сәуірге дейін әрекет етеді.

Айта кетейік, бұл шектеулер халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлар жүктеріне қолданылмайды.

Ұқсас материалдар