Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды», – делінген хабарламада.

ҰҚК тінту жүргізу сәтінен видеожазба жариялады. Кадрларда вице-министрдің ірі көлемдегі ақшаны үйіндегі вазаның ішінде тығып сақтағаны анық көрінеді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Кеше Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтың 78 000 доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгін расталды. 

Ұқсас материалдар