Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Көлік жүйесін цифрландыру: Қазақстан мен Huawei жаңа келісімге қол қойды

Көлік жүйесін цифрландыру: Қазақстан мен Huawei жаңа келісімге қол қойды

Қазақстан көлік саласын цифрландыру бағытында халықаралық серіктестікті күшейтуде.

Mobile World Congress 2026 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Huawei компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат көлік саласына заманауи цифрлық технологияларды енгізу және осы бағытта тәжірибе алмасуды көздейді. Атап айтқанда, бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ бұлттық технологияларды пайдалану жоспарланып отыр.

Ынтымақтастық теміржол, автомобиль, порт және жүк тасымалы бағыттарын қамтиды. Тараптар жол инфрақұрылымын тиімді басқару, көлік ағындарын реттеу және логистикалық хабтардың жұмысын жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс істемек.

Министрлік мәліметінше, бұл бастама көлік саласына жасанды интеллект пен үлкен деректер негізіндегі басқару жүйелерін енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай қадамдар саланың технологиялық дамуын жеделдетіп, Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді.

Ұқсас материалдар