Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Құлыбаевқа тиесілі «Petrosun» таратылады

Құлыбаевқа тиесілі  «Petrosun»  таратылады

Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевпен байланысты ақылы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерінің саудасы нарығындағы ең ірі компания – «Petrosun» компаниясы «ҚазМұнайГазға» ауысты.

«Petrosun» ЖШС қызметі бірте-бірте «KC Energy Group» ЖШС-не беріледі»,  – делінген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аралық қаржылық есебінде. 

Ақпаратқа сәйкес, «KC Energy Group» ЖШС «Petrosun» ЖШС-нің қатысушылардың құрамы бірдей және басқару тетіктері де бірдей шарттарда құрылған.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» және «Petrosun» екеуіне иелік ететін CNPC International Қазақстан жанармай нарығында жұмыс істейтін тағы бір бірлескен компания – «KC Energy Group» ЖШС құрды.

2024 жылдың ақпан айында KC Energy Group ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытына алғаш рет шикі мұнай жеткізген. Қаңтар және наурыз айларының аралығында KC Energy Group ЖШС еліміздегі үш зауытпен де жұмыс істей бастады.

Ұқсас материалдар