Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

KMG International рекордтық қаржылық нәтижеге қол жеткізді

KMG International рекордтық қаржылық нәтижеге қол жеткізді

Компанияның таза табысы 128 млн долларды құрап, KMG International тарихындағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі хабарлады.

2025 жылы шоғырландырылған EBITDA көрсеткіші 424 млн долларға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 61%-ға артқан. Мұндай өсім өндіріс көлемінің сақталуы, сатылымның ұлғаюы және операциялық тиімділіктің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытында жыл ішінде 5,88 млн тонна шикізат өңделген. Зауыттың орташа тәуліктік өңдеу өнімділігі 14,9 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, KMG International-дың еншілес ритейл компанияларының сату көлемі бір жылда 14%-ға өсті. Бұл Румыниямен қатар Молдова, Болгария және Грузия елдеріндегі көтерме және трейдинг бағытындағы сатылымдардың артуымен байланысты.

Жанармайға қатысы жоқ тауарлардан түскен табыс 56,9 млн долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға ұлғайған.

Айта кетейік, KMG International тобы Румынияда екі мұнай өңдеу зауытына, мұнай терминалына, сондай-ақ Rompetrol брендімен төрт елде орналасқан 1,4 мың жанармай құю бекетіне және басқа да активтерге иелік етеді.

Ұқсас материалдар