Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Құны 9 млрд теңге болатын құс фабрикасы салынады

Құны 9 млрд теңге болатын құс фабрикасы салынады

Келесі жылы Түркістан облысында жалпы құны 9 млрд теңгені құрайтын жаңа заманауи құс фабрикасының құрылысы басталады.

Ауқымды инвестициялық жобаны инвестор өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Фабрика екі бағытта жұмыс істемек: ет бағытындағы бройлер өндірісі және жұмыртқа шығару.

  • Бройлер өндірісі: – бір циклде 60 мың бройлер өсіріледі; – жылдық қуаты – 1 401 тонна құс еті.
  • Жұмыртқа өндірісі: – 120 мың жұмыртқалағыш тауық бағылады; – жылына 34,9 млн жұмыртқа өндіріледі.

Кешеннің құрылысы 2026-2028 жылдары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жоба іске қосылғаннан кейін өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ішкі нарықты сапалы құс еті мен жұмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар