
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі тоқтаған жоқ және ол жалғасады, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов.
Бұл туралы ол 2025 жылғы 15 шілдеде үкіметте өткен брифингте хабарлады.
Бұл ауыр, жағымсыз мәселе, бірақ үкімет бұл туралы ашық айтып, тарифтерді нарыққа жеткізу саясатын жүргізіп жатыр", – деп атап өтті үкімет басшысы.
Оның айтуынша, тарифтер өте ұзақ уақыт бойы шектен тыс реттеліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа инвестиция салуға мүлде мүмкіндік бермеген. Бұл 2022-2023 жылдары Екібастұз, Риддер және басқа да қалаларда апатты жағдайға жеткізді.
«Қыста үйде жылу, электр, су, басқа да инженерлік желілер жақсы жұмыс істесін десек, тарифтерді көтеру жолына түсеміз. Тарифтерді көтеру қадамын аздап қайта қарадық. Бірақ жалпы алғанда бұл саясат жалғаса береді», – деді Бектенов.
Осылайша, экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтер арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау бағыты өзгеріссіз қалады.