Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қонаевта заңсыз берілген 150 мың гектар жер мемлекетке өтті

Қонаевта заңсыз берілген 150 мың гектар жер мемлекетке өтті

Алматы облысында жалпы аумағы 150 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады.

Ведомство Қонаев қаласы әкімдігінің жер телімдерін беру қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру барысында аталған аумақта тұрғын-ойын-сауық кешені мен зоологиялық парк салу үшін жер берілгені анықталған. Алайда жерді бөлу кезінде Жер кодексінің талаптары сақталмаған. Нақтырақ айтқанда, жер телімдері қаланың бас жоспарына қайшы түрде рәсімделген.

Қонаев қаласы әкімдігіне заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілгенімен, ол белгіленген мерзімде орындалмаған. Осыған байланысты прокуратура сотқа талап арыз түсірді.

Сот отырысында Жер ресурстарын басқару департаменті өкілдері анықталған заңбұзушылықтар бойынша түсініктеме берді. Нәтижесінде сот талап арызды толық қанағаттандырып, коммерциялық мақсатта берілген жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

Ұқсас материалдар