Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқырған қылмыстық топ сотталды

Қостанайда 3 млрд теңге субсидия жымқырған қылмыстық топ сотталды

Қостанай қаласында мемлекеттік субсидияларды жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша ауқымды қылмыстық топқа үкім шықты.

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп, мемлекетке келтірілген шығын 3 млрд теңгеден асқаны анықталған.

Тергеу мәліметінше, «Beef Export Group» ЖШС басшысы А.Г. Пархоменко бастаған топ Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен, ветеринарлармен және тауар өндірушілермен сөз байласып, заңсыз схема құрған.

Қылмыстық әрекет бірнеше кезең арқылы жүзеге асқан:

  • Ірі қара малды сатып алу және өңдеу туралы жалған құжаттар рәсімделген;
  • Жалған мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерге енгізіліп, сол арқылы субсидиялар алынған;
  • Қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, кейін бақылаудағы компаниялар арқылы «өнім үшін төлем» ретінде қайта аударылып отырған.

Бұл заңсыз әрекеттер аграрлық сектордағы адал кәсіпкерлерге кедергі келтіріп, мемлекеттік қолдау жүйесіне елеулі зиян тигізген.

Сот шешімімен:

  • Топ ұйымдастырушысы А.Г. Пархоменко 14 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Тағы 14 қатысушы 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңгені өз еркімен өтеген. Сонымен қатар, жалпы құны 3 млрд теңге болатын мүлік тәркіленді. Оның ішінде 1,3 млн АҚШ доллары мен 700 млн теңге бар.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас материалдар