Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ҚР Жоғары аудиторлық палатасында жаңа мемлекеттік аудиторлар іріктелді

ҚР Жоғары аудиторлық палатасында жаңа мемлекеттік аудиторлар іріктелді

2025 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік аудиторларды сертификаттау нәтижелері қорытындыланды, – деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.

Аталған кезеңде Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның үш отырысы өтті.

Жалпы сертификаттау екі кезеңнен тұрады: Бухгалтерлік есеп, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор үшін есептілікті дайындау, сәйкестік пен тиімділік аудиті, сондай-ақ кәсіби этика негіздері бойынша тест тапсырмалары мен кейстерден тұратын біліктілік емтиханы.

Үміткерлер Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтеді, онда іріктеуге қатысушылардың кәсіби дайындық деңгейі, тәжірибесі мен жеке қасиеттері бағаланады.

Нәтижесінде: 

– 1 үміткер жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін алды;

– 21 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді;

 – 4 үміткерге жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды;

 – 27 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды;

– 1 мемлекеттік аудитор сертификаты комиссия шешімімен кері қайтарылды. 

– Нәтижелер үміткерлерге қойылатын талаптардың жоғары деңгейде екенін және аудит саласындағы жүйелі кәсіби дамудың маңыздылығын көрсетеді. Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудиторларды ашық, объективті және сапалы іріктеуді қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастырады, – делінген ҚР Жоғары аудиторлық палатасының хабарламасында.

Бұдан бұрын Қазақстанда электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігіне жүргізілген аудит аяқталды. Оның қорытындылары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғарғы аудиторлық палатаның отырысында қаралды.

Ұқсас материалдар