
Аталған талдауда тағы бірнеше рекорд көрсетілген. Мәселен, 2023 жылдың ішінде бір ғана ер адамның алған қарыздарының саны 69-ға жеткен. Яғни, ол әр ай сайын шамамен 5-6 несиеден алып отырған. Ал 2022 жылы бір азамат 79 несие рәсімдеген.
Қазақстанда қарыз алушы 8,9 млн адамның 64 пайызы тек бір банктің алдында қарыз. Ерлер де, әйелдер де көп жағдайда 1 банктен ғана кредит алуды жөн көреді. Мұны да рекорд десе болады.
Екі банкте кредиті барлар үлесі – 26%. 3 банкке берешек болып қалғандардың үлесі – 8% ғана.