Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Құрылтай сайлауына бөлінетін қаржы көлемі белгілі ме?

Құрылтай сайлауына бөлінетін қаржы көлемі белгілі ме?

Алдағы Құрылтай сайлауын өткізуге қанша қаражат жұмсалатыны әзірге нақтыланбаған.

Бұл туралы Сенат кулуарында Шавкат Өтемісов мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлауды қаржыландыру көлемі сайлаушылар саны мен сайлау учаскелерінің санына тікелей байланысты болады.

«Егер қандай да бір аумақта сайлаушылар саны көбейсе, сайлау учаскелерінің саны да артады. Сәйкесінше, сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметіне ақы төлеу үшін қосымша қаржыландыру қажет болады. Сондықтан әзірге нақты күн белгісіз болғандықтан, біз нақты айта алмаймыз», – деді ОСК мүшесі.

Сондай-ақ журналистердің депутаттар сайлауға қатысу үшін мандаттарын тапсыруы қажет пе деген сауалына ол қысқа жауап берді.

«Әдетте – тапсырады. Тапсыруы тиіс», – деп нақтылады Шавкат Өтемісов.

Осылайша, Құрылтай сайлауын өткізуге қажетті қаржы көлемі сайлау науқанының нақты мерзімі мен ұйымдастыру ерекшеліктері анықталғаннан кейін белгілі болады.

Ұқсас материалдар