Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегациямен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.
Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары ұйым мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, 2023 жылғы жұмыстың қорытындыларын шығарды және алдағы кезеңге басымдықтарды белгіледі.
Отырыста Бас хатшы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтылды. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылға ҰҚШҰ Бас хатшысы болып Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалатыны бекітілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.





