БАҚ-ның хабарлауынша Жапаров кеткенімен Қырғызстан министрлер кабинеті отставкаға кетпейді. Адылбек Қасымалиев Қырғызстанның министрлер кабинетінің басшысы және президент әкімшілігінің басшысы қызметін уақытша атқаратын болды, деп хабарлады агенттік сұхбатшысы. Қазір ол Үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
Министрлер кабинетіндегі дереккөздердің айтуынша, барлық министрлер өз қызметтерін сақтайды.
Айта кетейік, Жапаров 2021 жылдың қазан айынан бері министрлер кабинетінің төрағасы болды және Қырғызстан президентінің әкімшілігін басқарды. БАҚ-ның жазуынша ол Президент кеңесшісі болып тағайындалуы мүмкін. Жапаровтың кезінде Министрлер кабинеті елде ауқымды салық реформасын жүргізіп, елдің ішкі жалпы өнімін ХВҚ мәліметі бойынша 39 миллиард доллардан 55 миллиард долларға дейін ұлғайтты. Сонымен қатар өткен аптаның соңында арнайы қызмет Бішкектің төрт аудандық бөлімінің басшыларын, Мемлекеттік салық қызметінің орынбасары мен төрағасын ұстады. Олардың барлығы акциздік маркалар бойынша алаяқтыққа қатысы бар деп күдіктелуде. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметінше, шығын 3,2 миллиард сомға (36,8 миллион доллар) бағаланған.