Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қырғызстанда QR-код арқылы төлемдер көлемі 20 есеге артты

 Қырғызстанда QR-код арқылы төлемдер көлемі 20 есеге артты

Қырғызстанда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі қарқынды дамып, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында QR-код арқылы төлемдердің көлемі 274,9 миллиард сомға жетіп, рекорд орнатты.

Бұл туралы «Кабар» агенттігі Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлады.

Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9 есе көп (2024 жылдың алғашқы жартысында 13,8 млрд сом).

QR-төлемдердің жаппай таралуы елдегі 80,5 мыңнан астам сауда нүктелерінде QR-кодты қабылдау жүйесінің кеңінен енгізілуімен байланысты.

Ұлттық банктің мәліметінше, ELQR жүйесіне қазіргі уақытта 20 коммерциялық банк пен 14 төлем ұйымы қосылған. Сондай-ақ 32 мобильді қосымша QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қырғызстанда:

  • 15 миллионнан астам банктік есепшот,

  • 9,8 миллион банк картасы,

  • 3,5 миллион сәйкестендірілген электронды әмиян,

  • 3 миллион мобильді агенттік қосымшасы белсенді жұмыс істеп тұр.

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, цифрлық төлем инфрақұрылымын дамыту қаржылық инклюзияны арттыру және экономиканы көлеңкеден шығару үшін маңызды құрал болып отыр.

Ұқсас материалдар