Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинді заңсыз сатқандар ұсталды

Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинді заңсыз сатқандар ұсталды

 Қылмыстық топты Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі құрықтады.

Тергеу барысында күдіктілердің бензинді жанармай еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізіп отырғаны анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Түрксіб» станциясында 500 тоннаға жуық бензин құйылған 8 теміржол цистернасы әшкереленді. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан: «Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған. Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15 млрд 500 млн теңгеден асып түсті. Аталған іс бойынша Аталған іс бойынша Попов Алексей Александрович, Ибраимов Рахымжан Маматұлы, Сағындықов Серік Ерланұлына іздеу жарияланды», – деді.

Ұқсас материалдар