Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жүргізушісіз басқарылатын автобустар іске қосылды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында жүргізушісіз басқарылатын автобустар іске қосылды
Шэньчжэнь қаласында жүргізушісіз автобустар рейске шықты, деп хабарлады қала үкіметі.
 

Shenzhen Bus Group мемлекеттік компаниясы ұзындығы 5,44 шм, B998 маршрутына жүргізушісіз бес шағын автобусты шығарған. Олар жергілікті уақыт бойынша 9:30-дан 17:00-ге дейін қатынайтын болады. Алғашқы сынақ кезеңінде бұл автобустарда жол жүру тегін.  

Сапарларды онлайн брондауға болады. Автобусқа кірген кезде WeChat платформасының Ride Code миниқосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу қажет.  
Жол жүруге денсаулығы жақсы, әрекетке қабілетті, 18 жасқа толған адамдар ғана жіберіледі.  

Әрбір автобуста қауіпсіздікке жауапты маман бар, ол төтенше жағдайларда автобусқа басқаруды өз қолына ала алады.  

Автобустар жол қозғалысына қатысушыларды, бағдаршамдарды және жолдағы жағдайдың өзгерістерін анықтау үшін жоғары ажыратымдылықтағы камералармен және лазерлік локаторлармен (лидарлармен) жабдықталған.

Ұқсас материалдар