2024 ж. қаңтар-шілде айларында Қытайдан 8,1 млрд долларға өнім әкелінген. Бұл 2023 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 7,5%-ға кем. Коронавирус жайлаған 2020 жылдан бері мұндай құлдырау алғаш рет байқалып отыр. Бұл туралы ҚР СЖРА ҰСБ, ҚМ МКК деректеріне сүйенген Бірінші кредит бюросы хабарлады.
Бюроның хабарлауынша жеткізілетін тауарлар ішінде электр генераторлар санаты, әсіресе желдік генераторлар айтарлықтай төмендеді. Егер 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында 135,1 млн доллар сомаға 546 желдік генераторлар әкелсек, ал қазір 21,5 млн долларға 212 дана әкелдік.
«Табаны мен үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған аяқ киім» импорты да (су өткізбейтіннен басқа) 137,6 млн-нан 48,6 млн-ға дейін едәуір азайды. 19,5 млн дана аяқ киімнің орнына «бар болғаны» 6,8 млн ғана әкелінді.
«Жанбайтын иіскеуге арналған» никотин өнімдерінің де импорты мүлдем азайды. Әдетте бұларға вейптер мен сол сияқты тауарлар жатады: 88,6 млн доллар еді, енді 3,4 млн доллар болды. Оның себебі де айқын, биыл электронды шылымға тыйым салынды, сондықтан қазір оларды заңды түрде әкелуге болмайды.
Қазақстан тұтынушыларының қытай ойыншықтарына деген қызығушылығы да жоғалып бара жатқан сыңайлы. Ойыншық көліктерден бастап үш дөңгелекті велосипедтерге дейін кіретін ірі санаттағы жалпы импорт 114,3 млн доллардан 40,7 млн долларға дейін бір-ақ түсті. Мысалға алсақ, былтыр 21 млн дана жануарлар түріндегі жұмсақ ойыншықтар әкелінсе, биыл 3 млн-ға жуық әкелінген.
Бюроның жазуынша импорт көлемі төмендегенімен ҚХР бәрібір біздің ең негізгі жеткізушіміз болып отыр.