Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытайлық Jetta маркасы Орталық Азияға экспортталады

Қытайлық Jetta маркасы Орталық Азияға экспортталады

Қытай мен Германияның бірлескен кәсіпорны FAW-Volkswagen Чанчунь қаласындағы зауытында өндірілген алғашқы экспорттық көліктер партиясын шығарды.

Бұл жөнінде «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Экспортқа арналған алғашқы топтамаға 550-ден астам Magotan және Sagitar седаны кіріп отыр. Олар Таяу Шығыс елдеріне жөнелтіледі. Бұл қадам компанияның халықаралық нарыққа белсенді шығу стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

FAW-Volkswagen басшысы Чэнь Биньдің айтуынша, шетел нарығындағы кеңею компанияның өсуінің негізгі факторы ретінде қарастырылып отыр. Ол кәсіпорынның Қытайдағы жетекші автокөлік экспорттаушыларының біріне айналуға ниетті екенін айтты.

Компания Volkswagen брендінен бөлек, Jetta маркасын да шетелге шығаруға ниетті. Алғашқы бағыт – Орталық Азия елдері болмақ.

 Анықтама:

FAW-Volkswagen – 1991 жылы құрылған бірлескен кәсіпорын. Қазіргі таңда компания Audi, Volkswagen және Jetta маркаларымен автокөлік шығарады. Өндірістік базалары Чанчунь, Фошань, Чэнду, Циндао және Тяньцзинь қалаларында орналасқан.

Ұқсас материалдар