Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк Астана мешітінің суреті бар жаңа монета шығарды

Ұлттық банк Астана мешітінің суреті бар жаңа монета шығарды

Ұлттық Банк "Қазақстанның мешіттері мен соборлары" сериясынан ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және "Сиқырлы рәміздер" сериясынан FATIMA QOLY коллекциялық монеталарын шығарады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, FATIMA QOLY – 2024 жылғы 28 қарашадан бастап шығады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2022 жылы ашылған Астананың орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Монетаның дизайнында Астана орталық мешітінің стильдендірілген бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 дана.

FATIMA QOLY монетасы – "Сиқырлы рәміздер" сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайны әртүрлі елдердің мәдениеттерінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының стильдендірілген ою-өрнекті бейнесіне негізделген.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, көне күміс сапасы, номиналы – 1000 теңге, таралымы 3000 – дана.

Монеталардың барлық түрі Қазақстанның бүкіл аумағында  аудару, өзгерту және айырбастау үшін қабылдануға міндетті. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында жасалды.

Ұқсас материалдар