Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, консультативтік-кеңесші орган – Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылғанын хабарлады.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл шешім Қазақстан Республикасының 2025–2027 жылдардағы макроэкономика саясатын барынша теңгерімді ету мен мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар Кешенін жүзеге асыру аясында қабылданған. 

Кеңес қызметі мемлекеттік қарыз алу құнын төмендету үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тереңдігін, өтімділігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен корпоративтік эмитенттер нарығының бенчмарк көрсеткіштерін қалыптастыруға бағытталған шаралар әзірлеуге бағытталған.

Кеңестің негізгі міндеттері – макроэкономикалық ахуал мен қарыз тұрақтылығын ескере отырып, мемлекет қарызын басқару, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықта орналастыру саясаты бойынша жан-жақты сараланған шешімдер қабылдау. 

Мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңестің құрылуы Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің фискалдық және ақша-кредит саясатын жемісті үйлестіруге, сондай-ақ ішкі бағалы қағаздар нарығын дамытуға басымдық беруге бейіл екенін көрсетеді.  Мемлекеттік бағалы қағаздардың тиімді әрі өтімді нарығын дамыту мемлекеттік қаржыны орнықтылығын нығайтудың, кірістілік бойынша нарық бағдарларын қалыптастырудың, сондай-ақ елдің қор нарығын одан әрі дамытудың алғышарты саналады.

Ұқсас материалдар