Экономика
Мемлекеттің жаңа урбанизация картасы жасалынады
Алматы. 5 қазан. 7kun.kz — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің урбанизациясының картасын келесі жылдың қыркүйек айына дейін дайындауды тапсырды.
«2030 жылға дейін елдің аумақтық дамуының болжау схемасын 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әзірлеуді тапсырамын. Бұл елді урбанизациялануының жаңа картасы болады», - деді Н.Назарбаев.
«Соңғы уақытта 1300 мектеп жабылды. Өйткені бұрынғыдай ауылдар жоқ. Сондықтан енді қайда жол саламыз, қайда құрылыс жүргізілетін мәселені басқаратын карта болады (елдің урбанизациясы - IF-K)», - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы 2025 жылға дейін өңірлерді дамыту жөніндегі іс-шараларды, жобаларды және қаржыландыруды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруды тапсырды.
«Аймақтық дамудың осы аспектілері «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламаларында ескерілуі тиіс. Оны іске асыруды 2025 жылға дейін ұзарту қажет», - деді Мемлекет басшысы.