Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Microsoft дивиденд мөлшерін 10%-ға арттырды

Microsoft дивиденд мөлшерін 10%-ға арттырды

Microsoft корпорациясы тоқсан сайынғы дивидендтерді 10%-ға өсірді. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

Енді әрбір акцияға төленетін дивиденд мөлшері 83 центтен 91 центке дейін ұлғаймақ. Дивиденд төлеу 11 желтоқсанда жүзеге асырылады, ал акционерлер тізімі 20 қарашада жабылады.

Сондай-ақ, компания жылдық акционерлер жиналысын 5 желтоқсанда өткізуді жоспарлап отыр. Жиын виртуалды форматта өтеді.

Microsoft қаржылық көрсеткіштері (2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін):

Табыс: $69,6 млрд (өсу – 12%)

Таза пайда: $24,1 млрд (өсу – 10%)

Операциялық пайда: $31,7 млрд (өсу – 17%)

Еске салайық, Microsoft 1975 жылы құрылған. Компания операциялық жүйелер, серверлік және бизнес-қосымшалар, интерактивті бағдарламалар мен ойын өнімдерін әзірлеумен айналысады.

Ұқсас материалдар