
Microsoft корпорациясы биылғы екінші қысқарту толқынында 9 мың қызметкерін жұмыстан босатады.
Еске сала кетейік, биылғы бірінші қысқарту толқыны 2025 жылғы мамырда өтті, ол кезде кемінде 6 мың қызметкер жұмыстан шығарылған. Ал маусым айында тағы 300 адам жұмыстан кетті.
Associated Press агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы Microsoft компаниясының қызметкерлер саны шамамен 228 мың адам болған. Олардың шамамен 55 пайызы АҚШ-та жұмыс істеген.