Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мәжіліс мемлекеттік құпияларды қорғауды күшейтетін заң жобасын мақұлдады

 Мәжіліс мемлекеттік құпияларды қорғауды күшейтетін заң жобасын мақұлдады

Қазақстан Мәжілісі жалпы отырыста ұлттық қауіпсіздікке қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Болат Керімбектің айтуынша, құжат арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге және құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған. Заң жобасы 3 кодекс пен 11 заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

Түзетулер аясында мемлекеттік құпияларды қорғауды күшейту, сондай-ақ олардың қорғалу деңгейінің төмендеуін ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде белгілеу ұсынылған. Сонымен қатар экстремистік және террористік материалдарды сақтауға қосымша тыйым енгізу қарастырылған.

Құжатта төтенше жағдай кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының әрекет ету құзыреті нақтыланады. Бұдан бөлек, әскери және арнаулы оқу орындарына қабылдау кезінде кейбір санаттағы талапкерлерге басымдық беру нормасы енгізіледі.

Ілеспе заң жобасында мемлекеттік құпияларды қорғау талаптарын қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылған.

Ұқсас материалдар