Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімі аяқталып, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті.
Сенімгерлік басқару шартына 2023 жылдың 7 қарашасында қол қойылған.
Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шарты жасалмақшы.
Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастық туралы тиісті келісім 2023 жылдың қазан айында жасалған болатын. Сол кезде араб серіктестері Астана әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамытуға, ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізіп, инвестиция құюға, жүк терминалының қуатын және жолаушылар ағынын арттыруға уәде бергені есте.