Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі мемлекеттік құпия болады

Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі мемлекеттік құпия болады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президенттердің денсаулығы мен жеке өмірі туралы ақпараттарды құпия етіп ұстау туралы заңға түзетулер енгізді. 

 «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, – делінген Ақорда хабарламасында.

 Осыдан бір ай бұрын Парламент Сенаты дәл осы заңды Тоқаевтың қол қоюына жіберген еді. Түзету енгізілген заң нормасында Қазақстанның бұрынғы Президентінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер енді мемлекеттік құпияларға жатқызылады және оны таратуға тыйым салынатыны туралы айтылған.  Демек, бұл өзгеріс экс-президент Назарбаевтың да жеке өмірі мен денсаулығына қатысты.

Ұқсас материалдар