Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Neo Nomad Visa-ны қалай алуға болады?

Neo Nomad Visa-ны қалай алуға болады?
ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті  шетелдік туристерге Қазақстанда бір жылға дейін тұруға және шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін Neo Nomad Visa-ны қалай алуға болатыны туралы ақпарат таратты

Қазақстанда саяхаттап жүріп, жұмысын жалғастырғысы келетін шетелдіктер Neo Nomad Visa-ға өтініш бере алады.  В12-1 деп аталатын визаны алу үшін Қазақстан елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгініп, төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат;
Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы;
Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама;
Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру;
Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді). 

Neo Nomad Visa-ны рәсімдеу 5 жұмыс күнінен аспайды. Виза бір жылға дейінгі мерзімге беріледі және оны ұзарту қарастырылған. Өтініш берушінің отбасы мүшелері де виза ала алады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 216-бабына сәйкес Neo Nomad Visa иесінің Қазақстанда салық төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, өйткені оның табыс көзі елден тыс жерде орналасқан.

Ұқсас материалдар