Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Нобель бейбітшілік сыйлығы кімге берілді?

Нобель бейбітшілік сыйлығы кімге берілді?

2025 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корине Мачадоға берілді.

 Сыйлық оған «Венесуэла халқына демократиялық құқықтарды қорғаудағы қажымас еңбегі және диктатурадан демократияға әділетті әрі бейбіт өтуге бағытталған күресі үшін» берілген.

Мачадо бұрын парламент депутаты болған, президенттікке кандидат ретінде ұсынылған және 2014 жылы Николас Мадуро үкіметіне қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырған. 2024 жылы ол Еуропалық парламенттің «Андрей Сахаров атындағы ой бостандығы» сыйлығын жеңіп алған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне бейбітшілік сыйлығын лайық деп айтқан, себебі өзінің жаңа мерзімінде бірнеше соғыстарды тоқтата алғанын мәлімдеген.

Лауреаттарға сыйлықтарды 10 желтоқсанда, Альфред Нобельдің қайтыс болған күні, Стокгольм мен Ослода табысталады.

Ұқсас материалдар