
Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында құқық қорғау органының бұрынғы қызметкерін Түркиядан елге экстрадициялады.
Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органда басшылық қызмет атқара жүріп, заңсыз ойын бизнесін қолдап, пара алған. Күдікті 7 жыл бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.
2024 жылдың қаңтар айында ол Түркияның Измир қаласында ұсталып, биыл Қазақстанға қайтарылды. Қазір ол тергеу изоляторында қамауда отыр.
Қылмыстық топтың басқа мүшелері бұған дейін сотталған. Күдіктіге қатысты айыптар дәлелденсе, ол 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сондай-ақ мүлкі тәркіленеді.