Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ОПЕК әлем бойынша мұнайға деген сұраныс болжамын өзгеріссіз қалдырды

  ОПЕК әлем бойынша мұнайға деген сұраныс болжамын өзгеріссіз қалдырды

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) сәрсенбі күні 2025-2026 жылдарды қамтитын әлем елдерінің мұнайға деген сұранысына қатысты болжамды өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Синьхуа.

ОПЕК ұйымының мұнай нарығы бойынша ай сайынғы есебінде 2025 жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 1,3 млн баррель болады деп көрсетілген. 2026 жылғы көрсеткіш те шамамен осы межеге сай болады. 

«2025 жылы дүниежүзі бойынша мұнайға деген сұраныс орташа алғанда тәулігіне 105 млн баррель болады. Бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кірмейтін елдерде әуе көлігіне деген сұраныстың жоғары, автотасымалдау саласының талапқа сай болуын қамтамасыз етіп, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларының белсенді жүріне ықпал етеді», – деп хабарлады ОПЕК.

Ұйым сарапшылары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кірмейтін елдердегі өндіріс қуаттарының артуы, мұнайхимия саласының тиімді болуы мұнайға деген сұранысты арттыратынын айтады.

Ұқсас материалдар