Экономика
«Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды

Алматы. 11 қазан. 7kun.kz – Хайролла Ғабжалиловтің «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Ол бүгін ОСК-ға тиісті құжаттарын өткізді.
Суретші әрі сәулетші Хайрулла Ғабжалилов 1950 жылы Қарақалпақ АССР-інде дүниеге келген. Чехословак суретшілер мен сәулетшілер мектебін және Самарқанд сәулет-құрылыс институтын бітірген. Алматыда жобалау институтында жұмыс істеген, Алматы құрылыс материалдары комбинатын басқарған.
Тәуелсіздік таңы атқан тұста Хайрулла Ғабжалилов Қазақстан дизайн орталығын басқара отырып, ұлттық валюта – теңгенің дизайнын жасаған суретшілер тобын басқарды.