Сағат 20-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың дауыс беруі төмендегідей болған:
1. Абай облысы бойынша – 75,45%.
2. Ақмола облысы бойынша – 79,82%.
3. Ақтөбе облысы бойынша – 87,05%.
4. Алматы облысы бойынша – 71,46%.
5. Атырау облысы бойынша – 74,04%.
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,94%.
7. Жамбыл облысы бойынша – 85,06%.
8. Жетісу облысы бойынша – 78,49%.
9. Қарағанды облысы бойынша – 84,30%
10. Қостанай облысы бойынша – 81,21%.
11. Қызылорда облысы бойынша – 93,04%.
12. Маңғыстау облысы бойынша – 77,89%.
13. Павлодар облысы бойынша – 75,51%.
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 70,52%.
15. Түркістан облысы бойынша – 84,03%.
16. Ұлытау облысы бойынша – 73,15%.
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 86,42%.
18. Астана қаласы бойынша – 60,36%.
19. Алматы қаласы бойынша – 33,43%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 75,82%.
Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы тиiс.
ҚР СІМ хабарлауынша сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды.





