Мемлекеттік сыйлықақының шоттарға есептелуіне байланысты Отбасы банктің бірқатар қызметтері уақытша қолжетімсіз болады.
Банк мәліметінше, 27 ақпан сағат 18:00-ден 2 наурыз сағат 09:00-ге дейін кей операциялар шектеледі. Осы уақыт аралығында банк бөлімшелері, агенттік желі, видеобанкинг, мобильді қосымша, интернет-банкинг және «Baspana Market» порталы арқылы шот ашу мен депозиттерді толықтыру мүмкін болмайды. Сондай-ақ біліктіліктен өту қызметі де уақытша тоқтатылады.
Бұдан бөлек, серіктес банктер арқылы кредит төлемдерін қабылдау мен депозитке жарна енгізу, мобильді қосымшадағы автотөлемдер де жұмыс істемейді.
Банк клиенттерден операцияларды алдын ала жоспарлап, қажетті төлемдерді ертерек жасауды сұрады. Сонымен қатар 28 ақпан күні банктің барлық филиалдары мен бөлімшелері үшін демалыс күні болып белгіленген.





