Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Министр Отбасы банкінің ипотекалық бағдарламаларына 80 млрд теңге сұрады

 Министр Отбасы банкінің ипотекалық бағдарламаларына 80 млрд теңге сұрады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Отбасы банкінің ипотекалық бағдарламаларына 80 млрд теңге сұрады.

  Биыл 19 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу пысықталып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады.

− Биыл 19 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Атап айтқанда, 21 мың жалға берілетін пәтерді сатып алуға 300 миллиард теңге қажет. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым қажеттілігі 120 миллиард теңге, − деді Ерсайын Нағаспаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, Отбасы банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 миллиард теңге қажет.

− Министрліктің тұрғын үй құрылысын ынталандыру және кезекте тұрғандарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бастамаларын қолдауыңызды сұраймын, − деді Өнеркәсіп министрі.

Ұқсас материалдар