Қазақстанның Оңтүстік Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.
«Корея Республикасы президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз», – делінген хабарламада.
Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311.
Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталғаны хабарланған болатын.