
Кездесу барысында Дархан Сатыбалды мен Павел Дуров Алматыда AI-зертханасын құру мүмкіндіктерін, техникалық және IT бағыттарында дарынды жастарды даярлайтын мамандандырылған интернат ашу жобасын, сондай-ақ білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бірлескен бастамаларды талқылады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша Павел Дуров Қазақстанмен серіктестікті дамытуға ниет білдіріп, еліміздің цифрлық технология саласында зор әлеуетке ие екенін атап өткен. Сонымен қатар ол қазақстандық мәдениеттің жанына жақын екенін және Алматы қаласын ерекше ұнататынын айтқан.