Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өтті
6-7 қазан күндері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Камал Саруарұлы Ормантаевтың 90 жылдығына орай «Балалар жасындағы эндовидеохирургия» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара 8-9 қазан күндері Алматыда өтетін «Баланың денсаулығы мен дамуы: балалар жасындағы ауруларды ерте анықтау және араласудың заманауи тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағы барысында балалардағы ауруларды диагностикалау және хирургиялық емдеуде заманауи аз инвазивті технологияларды қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Ресей Федерациясының жетекші мамандары операциялық сарапшы ретінде қатысты:
Соколов Юрий Юрьевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Я.Долецкий атындағы РМАНПО балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қаласы.
Топилин Олег Григорьевич – медицина ғылымдарының кандидаты, Морозов атындағы балалар қалалық клиникалық ауруханасының торакальды хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Мәскеу қаласы.
Екі күнге созылған шеберлік сабағы барысында мамандар балалар хирургиясындағы заманауи аз инвазивті әдістерді қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, хирургиялық операцияларды орындау ерекшеліктерін және пациенттерге ем жүргізудің заманауи тәсілдерін көрсетті.
Шеберлік сабағы аясында мамандар кеуде және құрсақ қуысы ағзаларының туа біткен ақаулары мен жүре пайда болған аурулары бар балаларға аз инвазивті хирургиялық операциялар жасады.
Шеберлік сабағына онлайн және офлайн форматта 150-ден астам маман қатысты.
Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, мамандардың практикалық дағдыларын жетілдіруге және балалар хирургиясына заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаңға айналды.
Шеберлік сабағын өткізу балалар жасындағы аз инвазивті хирургияны одан әрі дамытуға, заманауи хирургиялық технологияларды кеңінен енгізуге және балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





