Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Пилотсыз көлік жобасы іске қосылады

Пилотсыз көлік жобасы іске қосылады

Қазақстанда пилотсыз автомобильдердің пилоттық жобасы 2026 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында вице-премьер – Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Жоба халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылады. Министрдің айтуынша, елде мұндай технологияларды енгізуге қажетті инфрақұрылым қалыптасып келеді.

Сонымен қатар Қазақстанда жеткізуші дрондарды қолдану бойынша пилоттық жоба да іске асырылуда.

Пилотсыз технологияларды енгізу қалалық ұтқырлық пен логистика саласында жаңа шешімдерді сынауға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар