Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның газ экспортынан түсетін табысы азайды

Қазақстанның газ экспортынан түсетін табысы азайды

2016 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан 59,7 млн долларға газ экспорттады. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 152,6 млн доллар болған еді. Бұл жөнінде Статистика комитеті хабарлайды. 

Газ экспорты көлемі былтырғымен салыстырғанда 28,5%, қаржылай жағынан 60,8%-ға азайған.

Қазақстан көмірінің экспорты да 51,2%-ға қысқарған. Осыдан бір жыл бұрын қаңтар-наурыз айларында 125,4 млн доллар сатылса, 2016 жылы 61,1 млн доллар ғана сатылған.

Сыртқы нарыққа шикі мұнай тасымалдау көлемі азайған жоқ. Бірақ қаражат көлемі бойынша 41,1%-ға түскен. Аталған шикізаттың экспорты бірінші тоқсанда 4,5 млрд долларды құрады. Былтырғы жылы 7,7 млрд доллар болған еді.

Похожие материалы