Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Испания ортақ тауар айналымын арттыруға ниетті

Қазақстан мен Испания ортақ тауар айналымын арттыруға ниетті
28 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz - Қазақстан мен Испания арасында өткен бесінші  іскерлік кеңесте қабылданған құжат Астана қаласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Қазақстан тарапы заңнама негізінде өз аумағында шетелдік кәсіпорындардың жұмысына қауіпсіз жағдай жасамақ. Ал жергілікті өндіріс саласына инвестиция салуды және испан кәсіпкерлері өздерінің өнімдерін 180 миллион адамнан тұратын бүкіл ЕЭА елдерінің нарығында жүзеге асыра алады.  Қазақстан мен Испания арасындағы 2017 жылы өзара тауар айналымының көлемі 1 миллиард 700 миллион долларға жетті. Екі ел арасындағы сауданың өсуі өткен жылы 26% -дан асты. 2018 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан-Испан тауар айналымы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 56% -ға артты. Іскерлік кеңеске 40-қа жуық испан және 60-тан астам қазақстандық компаниялар қатысты. Бұған қоса, біздің тарапымыздан министрліктер, жергілікті атқарушы органдар, «Самұрық-Қазына» қоры, «Бәйтерек» холдингі, «Атамекен» ұлттық палатасы, Назарбаев университеті және Астана халықаралық қаржы орталығы өкілдері қатысты.  Сонымен қатар, Іскерлік кеңес барысында «Бәйтерек» холдингі екі меморандумға қол қойды. Біріншісі - Испания Корольдігінің Сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшылығымен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды қолдау. Екінші меморандум инфрақұрылым, телекоммуникация, туризм, аграрлық азық-түлік өнеркәсібі және «жасыл энергетика» саласындағы экспорттық операциялар. Айта кететін жайт, қазіргі уақытта елімізде испан капиталының қатысуымен 40-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Похожие материалы