QazCode компаниясының Aventa жобасы бизнесті AI-трансформациялағаны үшін Digital Bridge марапатына ие болды
Aventa компанияларға корпоративтік AI-ассистенттер мен AI-агенттер жасауға, оларға өз деректері мен білім қорын қосуға, сондай-ақ жасанды интеллектті тікелей жұмыс үдерістеріне енгізуге мүмкіндік береді. Платформа қазірдің өзінде Beelineішінде клиенттерге қолдау көрсету, HR, сатып алу, заңгерлік және сапаны бақылау міндеттерін шешу үшін қолданылып жүр.
QazCode деректері бойынша, Aventa шешімдерін қолдану бөлек кейстерде аналитикалық тапсырмаларға кететін уақытты айына 40 сағатқа, ал бір келісімшартты тексеру уақытын аптасына 4 сағатқа дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. HR саласында жаңа қызметкерлерді жұмысқа бейімдеу уақыты 70%-ға қысқарса, сатып алу операцияларын автоматтандыру әр қызметкерге шаққанда шамамен 3 сағатты үнемдейді. Бұл ретте Aventa біртіндеп Beeline Қазақстан қызметкерлерінің күнделікті жұмыс құралына айналды: 2025 жылдың тамызы мен 2026 жылдың тамызы аралығында тіркелген пайдаланушылар саны 6,4 есе, ал жасалған ассистенттер саны 11 есе өсті. Қызметкерлер дайын шешімдерді пайдаланып қана қоймай, өз жұмыс міндеттеріне сай AI-ассистенттерді өз бетінше жасап шығаруда.
«Біз AI тек жаңа технология болғаны үшін ғана қызық көрінетін кезеңнен өтіп кеттік. Бизнес үшін басқа дүние маңызды: ол қандай нақты мәселені шешеді және қандайнәтиже береді. Aventa-ның негізінде осы идея жатыр – біз AI-ды қызметкерлерақпарат іздеуге, құжаттарға және қайталанатын операцияларға күн сайын уақытжоғалтатын бағыттарға енгізе бастадық. Қазір бұл шешімдер ірі компанияда өзнәтижесін беріп, нақты пайда әкеліп жатыр. Бұл марапат біз үшінAI-трансформацияның технологияны жай әдемі көрсетуден емес, адамдардыңшынайы жұмысын өзгертуден басталатынының дәлелі», – деп атап өтті Beeline Қазақстан мен QazCode компаниясының AI және трансформация жөніндегі директоры Агиис Конкабаева.
Бүгінде Aventa тек Beeline компаниясының ішкі шешімі ретінде ғана емес, соныменқатар корпоративтік клиенттерге арналған платформа ретінде де дамып келеді. Ол бағдарламалаусыз арнайы AI-ассистенттерді жасауға, корпоративтік дереккөздердіқосуға және көп сатылы жұмыс процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Beeline ішінде қолдану тәжірибесі QazCode компаниясына платформаны нақтыбизнес-міндеттер мен компаниялардың қажеттіліктерін ескере отырып жетілдіругекөмектеседі. Жақын арада Aventa-ның жаңа мүмкіндіктері нарық пен B2B-клиенттер үшін қолжетімді болып, бизнестің AI көмегімен шеше алатын міндеттер ауқымынкеңейтеді. 2026 жылы QazCode компаниясы Aventa-ны Барселонада өткен әлемдіктехнологиялық индустрияның ең ірі шараларының бірі – Mobile World Congressкөрмесінде де көпшілікке ұсынды.
Beeline Қазақстан туралы
Beeline Қазақстан – 11,9 млн клиентке қызмет көрсететін және телеком-бизнес пен цифрлық платформаларды біріктіретін елдегі ірі цифрлық операторлардың бірі.
Холдингтің негізгі өнімі – ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 4,7 млн адамды құрайтын (2025 жылдың III тоқсанындағы есептілік деректері бойынша) Janymda суперапп қосымшасы. Ол финтех-сервистер мен күнделікті цифрлық қызметтерді біріктіреді. Сондай-ақ цифрлық өнімдер портфеліне BeeTV онлайн-платформасы, hitter музыкалық сервисі, сонымен қатар ай сайын 3,8 млн белсенді пайдаланушысы бар Simply финтех-бағыты және серіктестік цифрлық платформалар кіреді.
Осы жылдың желтоқсан айында холдинг Қазақстанда Starlink ұсынған Direct to Cell технологиясын сәтті сынақтан өткізді. Қызметті коммерциялық негізде іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





