Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«QazExpoCongress» еншілес корпоративтік қорларының бірін таратты

«QazExpoCongress» еншілес корпоративтік қорларының бірін таратты

 Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылымын оңтайландырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» еншілес корпоративтік қорын таратты.

Cауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры бар екені анықталды: «QazExpoCongress» КҚ және «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ. Бірінші қор арқылы Ұлттық компанияны нысаналы қаржыландыру жүзеге асырылады, ал екіншісі Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы және Дубайдағы ЭКСПО-2020 аумағындағы қазақстандық павильондарды басқарады.

Бұл екі коммерциялық емес ұйымдағы жұмыс жүктемесінің аздығы, сондай-ақ жекелеген функциялардың қайталануы олардың одан әрі қатар жұмыс істеуінің орындылығына қатысты сұрақ туындатты. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп тиісті шара қабылдау тапсырылды.

Нәтижесінде Ұлттық компания Министрлікпен келісім бойынша «QazExpoCongress» КҚ-ның қарамағына қолда бар мүлікті, ғимараттарды, сондай-ақ шарттар бойынша міндеттемелерді бере отырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ-ны тарату туралы шешім қабылдады.

 «Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасының басқа тармақтары толық орындалғанға дейін бақылауда болады», – делінген хабарламада.

Ұқсас материалдар