Ресей президенті Владимир Путин Қытай азаматтарына уақытша визасыз кіру тәртібін енгізетін жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін ҚХР азаматтары Ресейге 30 күнге дейін визасыз кіріп, туристік, іскерлік, ғылыми, мәдени, спорттық іс-шараларға немесе транзит үшін бара алады. Кіру үшін тек қарапайым паспорт қажет.
Алайда бұл ереже еңбек қызметі, білім алу, тұрақты тұру немесе халықаралық тасымалдармен байланысты іс-шараларға қолданылмайды. Жарлық 1 желтоқсаннан бастап күшіне енді.





