S&P Global Ratings: «Kaspi Bank-тің кредит портфелінің сапа көрсеткіштері өте жоғары»
Мықты операциялық көрсеткіштерге байланысты рейтинг «BB-/B; болжам «Жағымды» деңгейінде мақұлданды
28 маусымда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Kaspi Bank» АҚ эмитентінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ−/В» деңгейінде, ұлттық шкала бойынша эмитенттің рейтингін «kzА» деңгейінде растады.
Рейтингтер бойынша болжам – «Жағымды».
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе:
«S&P рейтинг агенттігінің кредиттік портфеліміздің сапасына және жалпы Kaspi.kz бизнес-моделінің бірегейлігіне жоғары баға беріп отырғанына қуаныштымыз. Біздің командамыз жетілдіру мүмкіндіктерін үнемі іздестіреді, бұл компаниямыздың операция бойынша керемет көрсеткіштерінен көрінеді», – деп пікір білдірді.
«Kaspi Bank-тің рейтингтері бойынша «Жағымды» болжамы банктің алдағы 6-12 айда активтер сапасының жақсаруын, соның ішінде қазақстандық банктермен салыстырғанда кредиттер бойынша неғұрлым төмен шығын деңгейін тұрақты түрде ұстап тұрады деген болжамымызды көрсетеді», – деп атап өтті агенттікте.
Кредиттік портфельдің сапасы бірнеше жыл қатарынан үнемі жақсарып келеді. ХҚЕС анықтамалары бойынша 3-кезеңге сәйкес сипаттамалары бар кредиттердің үлесі 2020 жылдың соңындағы 10%-бен салыстырғанда кредиттік портфельдің 5%-ға жуығын құрады. Сондай-ақ Агенттік кредиттер бойынша ықтимал шығындар резервтерін қалыптастыру шығыстары 2022 жылы 2% деңгейінде қалады деп күтеді.
Kaspi.kz операциялар бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Орташа меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (ROAE) соңғы бірнеше жылда 80% -дан астам көрсеткішті құрады. Бұл аймақтағы көптеген банктермен салыстырғанда жоғары. S&P көрсеткіш алдағы екі жылда осы деңгейде қалады немесе арта түседі деп болжайды.
Сарапшылардың пікірінше, топ бизнесінің тұрақтылығына ол қызметін жүргізетін барлық платформадағы мықты нарықтық позициялар, сондай-ақ бизнесті жоғары әртараптандыру ықпал етеді.